Солтүстік Корея БҰҰ-нан көмек сұрайды

0
410

Солтүстік Корея елдегі азық-түлік тапшылығына байланысты Біріккен Ұлттар Ұйымынан көмек сұрады.

Бейсенбі, 21 ақпан БҰҰ Бас хатшысы Стефан Дюричтің мәлімдегеніндей биылғы жылы Солтүстік Кореяда 1,4 миллион тонна астық жетіспеушілігі болуы мүмкін. Елдегі халықтың азық-түлік қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру үшін, күріш, бидай, картоп және соя да жеткіліксіз, дейді Дюрич.

БҰҰ халықтың гуманитарлық қажеттілігін дер кезінде қамтамасыз ете алуы мақсатында Пхеньянның байланысын қолдайды.


БҰҰ жанындағы ЮНИСЕФ балалар қорының 2018 жылғы деректеріне сәйкес Солтүстік Кореяның 10,9 халқы өзін толыққанды азық-түлікпен қамтамасыз ете алмайды. Бұл 25 миллион халқы бар елдің әр екінші адамы аштықтың зардабын тартуда деген сөз.

27-28 ақпанда АҚШ президенті Дональд Трамп пен Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын арасында Вьетнамда өтетін саммит барысында екі ел басшылары Солтүстік Кореяға салынған санкцияларды жеңілдету, елге экономикалық көмек көрсету тақырыптары талқыланады деп жоспарлануда.

Донльд Трамптың айтуынша бұған дейінгі кездесулерде, АҚШ Солтүстік Кореяға инвестиция салуға және инфрақұрылымды дамытуға, халықты азық-түлікпен қамтамасыздандыруға көмектесетін болса, Пхеньян билігінің ядролық бағдарламасын одан әрі дамытудан бас тартатыны айтылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз