Сирия әскері “ан-Нусраның” штаб-пәтерінің көзін жойды

0
118
дереккөзден

Сирия әскері “Джебхат ан-Нусра”* жетекшілерінің штаб-пәтерін жойды. Операция Хама провинциясының солтүстігіндегі Кафр ан-Нубуда елді-мекенінің батысында өтті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.

Сондай-ақ лаңкестік топтың жетекші көшбасшыларының бірі Мұхаммед Юсеф Баслие ұсталды.

Бұған дейін “Хайат Тахрир аш-Шамның”* (“Джебхат ан-Нусраның”* жаңа атауы) көшбасшысы Әбу Мұхаммед әл-Жуланның жараланғандығы туралы хабарланған еді.

РИА Новости дереккөздерінің ақпарына сәйкес содыр басынан ауыр жарақат алған, оны Антакья (Сирия шекарасына жақын Түркияның оңтүстігіндегі қала) қаласындағы емханаға жеткізген. Алайда түрік СІМ бұл ақпарды “негізсіз” деп атады.

 

Джебхат ан-Нусра* - ҚР аумағында тыйым салынған лаңкестік ұйым.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз