Түркияға 11 мыңға жуық шетелдік құқарушы барды

0
143
фото: gov.kz

Түркиядағы жер сілкінісінен кейін іздеу-құтқару топтарынан құралған көптеген елдерден көмек тобы келе бастады. Қазіргі таңда Түркияда 10 336 шетелдік құтқарушы жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі BBC NEWS TURKCE-ге сілтеме жасап.

Түркиядағы мемлекеттік департаменттің жексенбідегі мәлімдемесіне сәйкес, жер сілкінісі аймақтарында 10 336 шетелдік құтқарушы жұмыс істеп жатыр.

Сыртқы істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, 99 ел көмек ұсынған, соның ішінде 72 елдің командалары жергілікті жерде жұмыс істеп жатқаны туралы хабарланған.

Бұдан бөлек 10 елден тағы мыңға жуық адам келеді деп күтілуде.

Естеріңізге сала кетейік, ҚР төтенше жағдайлар министрлігі Түркияға 2 лекпен құтқарушылар тобын аттандырды. Олардың арасында ТЖМ құтқарушылары, Апаттар медицинасы орталығының дәрігерлері, кинологтар бар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз