Қазақстандықтар жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

0
108

Қазақстандық спортшылар жабық кешендегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Астанада жабық кешенде жеңіл атлетикадан X Азия чемпионаты аяқталды. Бұл турнир біздің еліміздің тарихында тұңғыш рет өтті.

Қазақстан құрамасының қоржынына 12 медаль түсті, оның 6-алтын, 3-күміс және 3-қола.

4 метрден 400 метрге дейінгі эстафетада Қазақстанның ерлер және әйелдер командалары жеңімпаз атанса, сол қашықтықтағы жалғыз әйелдер жарысында Элина Михина бірінші келді. Дэвид Ефремов болса кедергілермен 60 метрді, ал Каролин Кипкируи 3000 метрді бірінші еңсеріп Азия чемпионы атанды.

Қазақстан медальдық есеп қорытындысы бойынша 2 орынға жайғасты. Ал бірінші орында Жапония құрамасы болса, үштікті Катар құрамасы түйіндеді.

«Мен спортшыларымыз бен жанкүйерлерімізді лайықты нәтижемен құттықтаймын. Келесі Азия чемпионаты Тегеранда өтеді. Иран біріншілігінде спортшыларымыздың сәтті өнер көрсетуін тілейміз»,– деп жазды министр Асхат Оралов өзінің Фейсбук парақшасында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз