Түркия жолаушылардан ПТР-тест талап ете бастайды

0
149
Photo: Anadolu agency

30 желтоқсаннан бастап Түркия ұшақпен келген жолаушылардан ПТР-тест анықтамасын талап ете бастайды. Ел аумағына ПТР-тесті теріс шыққан жолаушылар ғана кіре алады. Бұл туралы Turkish Airlines әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

“Республика ережелеріне сәйкес, Түркияға ұшқан жолаушылар немесе өзге елге Түркия арқылы ұшпақ болған адамдар ұшу басталардан бұрын кемінде 72 сағат бұрын жасалған ПТР-тесті теріс шыққан анықтама көрсетуі тиіс. Ереже жергілікті уақыт бойынша 30 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап күшіне енеді. 6 жасқа дейінгі балаларға анықтаманың қажеті жоқ” делінген әуе компаниясының баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Әуе компаниясы өкілдерінің айтуынша, құжаты жоқ жолаушылар рейске отырғызылмайды. Туристік операторлар да ақпаратты растады.

Түркия билігі Ұлыбритания мен өзге елдерде анықталған коронавирустың жаңа штамына байланысты елге кіру ережелерін қатайтқан. Шара 2021 жылдың 1 наурызына дейін күшінде болады деп айтылады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз