Түркия билігі елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты 29 сәуірден 17 мамырға дейін енгізген жаппай локдаун аяқталды.
Қазіргі уақытта Түркияда коронавирустан 125 мыңнан астам адам ем қабылдап жатыр. Пандемия басталғалы 5 117 374 адам вирус жұқтырып, 4 947 256 адам жазылып шыққан. Бұдан бөлек індеттен 44 760 адам қайтыс болған. Бұл локдаун кезінде төмендеген көрсеткіш.
Оқи отырыңыз: Түркияда жаппай локдаун енгізіледі
Алайда бұқаралық ақпарат құралдарынан қатаң локдаун кезінде де ережелердің бұзылғанын байқауға болады.