Түркияда жер сілкінісі болған аймақта енді су тасқыны болды

0
181
фото: DW

Араға 1 жарым ай уақыт салып, жер сілкінісінен зардап шеккен Шанлыурфа және Адыяман қаласында су тасқыны болды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі CNN Turk агенттігіне сілтеме жасап.

Су тасқыны нөсер жауынның әсерінен болған. Қазіргі таңда су тасқыны болған аймақта құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Мектептер жұмысы тоқтатылған. Су тасқынынан зардап шеккен екі қала көлге айналған.

Түркияның метеоролог мамандары алдағы күндері елдің оңтүстік-батыс аймағында тағы да нөсер жауын болу қаупі бар екенін жариялаған.

Түркияның табиғи апаттар мен төтенше жағдайлар басқармасының хабарлауынша 14 адам селден қаза тауып, 5 адамға іздеу салынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз