Астанада ТМД-дағы ең ірі фулфилмент орталығы ашылды

0
94
фото: primeminister.kz

Астанада ауданы 38 мың шаршы метр OZON электрондық маркетплейсінің Қазақстандағы алғашқы фулфилмент орталығы ашылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі.

“Еліміздің бөлшек саудасында электрондық сауданың үлесі бүгінде – шамамен 6%. Алдағы жылдары біз оны 15%-ға дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы сауда тек онлайн жүргізілетін уақыт та алыс емес деп ойлаймын”,деді ашылу салтанаты кезінде премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин.

Бұл онлайн тапсырыстарды өңдеуге және тұтынушыларға тауарларды жеткізу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ облыста 2 мыңнан астам жұмыс орны ашылмақ.

Тауарлардың кең ассортиментін қабылдау үшін фулфилмент-орталықты 2023 жылғы сәуірде іске қосу жоспарланып отыр, тәулігіне кемінде 260 мың тапсырысты өңдеуге мүмкіндік береді.

Орталықтың азық-түліктен бастап электроника мен құрылыс материалдарына дейін кез келген санаттағы 9 млн-ға дейін әртүрлі тауар сақтау мүмкіндігі бар.

Анықтама: Озон – Ресейдегі ең ірі маркетплейстердің бірі. Қазақстандық кәсіпкерлер үшін OZON платформасы 2021 жылдан бастап ашық, Qaztrade сауда саясаты орталығының құралдары арқылы компанияларды платформаға шығару және оларға қызмет көрсету бойынша қолдау көрсетіледі. Қазіргі уақытта Ресейдің 14 қаласында, Беларусьте (Минск) және қазір Астанада 17 фулфилмент орталық салынған.

Бүгінгі таңда OZON платформасында 15 000-ға жуық қазақстандық сатушы тіркелген, олардың сату көлемі 2022 жылы 10 млрд теңгеден асты. Сайтта ең көп сұранысқа ие тауарлар – электроника, тұрмыстық тауарлар, балаларға арналған және күнделікті қолданыстағы тауарлар.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз