Түркменстан Меджілісі (парламент) парламенттік сайлауды 2018 жылдың 25 наурызында өткізу туралы шешім қабылдады деп хабарлады 27 қараша дүйсенбі күні «Нейтральный Туркменистан».
Күн тәртібіне «Түркменстан депутаттары Меджілісінің алтыншы шақырылымы, велаят, этрап және қалалық халк маслахатының төртінші шақырылымы, генгеш мүшеліктерінің сегізінші шақырылымы» туралы шешім енгізілді деп мәлімделеді деп хабарлайды ca-news.
«Түркменстан Меджілісі қаулы етеді: алтыншы шақырылымның Түркменстан Меджілісінің депутаттарын, велаят (облыс) мүшелерін, этрап (аудан) мүшелерін және қалалық төртінші шақырылымның халка маслахатын (халық мәслихаты), Генгеш мүшеліктерінің сегізінші шақырылымын сайлау 2018 жылдың 25 наурызында өткізілсін», – деп хабарланады.
Аталған заң ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Атап өтерлігі, Түркменстан Меджілісінде 125 депутат, олар әр бес жыл сайын сайланады.
Сабина Сайлаубай