Өзбекстан Президенті Атамбаевқа алғыс білдірді

0
37
дереккөзден

Дүйсенбі 27 қараша күні Өзбекстан Республикасы Президенті Шавкат Мирзиёев пен Қырғызстан Республикасының бұрынғы басшысы Алмазбек Атамбаев телефон арқылы сөйлесті деп хабарлайды Өзбекстан Республикасы СІМ баспасөз қызметі.

Өзбекстан Президенті оны Қырғызстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасы «Данакермен» марапаттағаны үшін алғысын білдірді. Бұл достық пен тату көршілік қарым-қатынастарды дамытуда, екі бауырлас халықтар арасындағы жемісті ынтымақтастықта қол жеткізілген үлкен табыстардың мойындалуы екені аталды.

Әңгімелесу барысында өткен жыл өзара әрекеттесудің жаңа деңгейін қамтамасыз етуде өте маңызды болғандығы әрі бұл  өте күрделі мәселелерді шешуде үлкен нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік бергені айтылды.

Соңғы уақытта Қырғызстан және Өзбекстанға жасалған мемлекеттік сапарлар екі жақты қатынастардың жандануына қуатты серпін беріп, екі ел арасындағы тауар айналымының едәуір ұлғаюына және әртүрлі деңгейдегі сапарлардың артуына ықпал еткендігі аталды.

Сонымен қатар, өзбек-қырғыз мемлекеттік шекарасы туралы шартқа қол қоюдың тарихи маңызы атап өтілді.

Кездесу соңында екі елдің сыртқы саясатындағы сабақтастықты сақтаудың маңыздылығы айтылды.

Сабина Сайлаубай

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз