Украина билігі Ресейді Кахов су қоймасының бөгетін бұзды деп айыптады. Херсонның бірнеше ауылдары мен бөліктеріндегі халыққа шұғыл түрде эвакуация жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі DW агенттігіне сілтеме жасап.
“Ресейдің оккупациялық әскерлері Кахов СЭС-ке нұқсан келтірді. Қазіргі уақытта апат ауқымы, судың жылдамдығы мен көлемі, су басуы ықтимал аймақтар нақтылануда”, – деді Украинаның “оңтүстік” жедел қолбасшылығы Facebook-те.
“Укргидроэнерго” компаниясының хабарлауынша қоймадағы су 4 күн бойы сыртқа ағатын болады. Бөгет қалпына келмейтіндей дәрежеде қираған.
Ресей тарабы бұл апатқа ешқандай қатысы жоқ екенін мәлімдеуде. Олардың айтуынша бұны әдейілеп украиналықтар жасаған.