Apple компаниясы болашақтың көзілдірігін таныстырды

0
120

Әлемге әйгілі Apple компаниясы, қолданушыларын таңқалдыруын жалғастырып жатыр. Жыл сайынғы технологиялардағы жаңартулардың таныстырылымында болашақтың көзілдірігін көрсетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

«Apple Vision Pro» аталатын көзілдірік, өзінде виртуалды әлем мен физикалық әлемді үйлестіре алады. Көзілдірік қолданушылары көз, қол және дауыс арқылы оны басқарады. Бұған дейін компьютер, ноутбук және телефон секілді технологиялардың ішінде қолданған дүниелеріңізді, енді көзілдірік арқылы физикалық әлемде виртуалды түрде қолдана аласыз.

«Apple Vision Pro», тоқсыз қуаты екі сағатқа жетеді. Ал тоққа қосу арқылы қалағаныңызша қолдансаңыз болады.

Компания бұл көзілдірікті жасауға 7 жыл уақыт жұмсаған. Сатылымға 2024 жылдың басында, алғаш АҚШ-та шығады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз