Украинаның Ресей жаулап алған аумақтарында референдум нәтижесі жарияланды.

“Орталық сайлау комиссиясының” мәліметінше, Донецк облысында аймақты Ресейге қосуды сайлау учаскесіне келгендердің 99,23 пайызы қолдаған. Луганскіде сайлаушылардың 98,42 пайызы, Запорожьеде – 93,11, Херсонда 87,05 пайызы аталған аймақтарды Ресейге қосуға дауыс берген деп айтылады.

Дауыс беру аяқталғанға дейін бірнеше сағат бұрын Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Телеграм арнасында “Референдум аяқталды. Нәтижесі айқын. Үйге – Ресейге қош келдіңіз” деп жазды.

Украинаның Ресей жаулап алған аумағын Ресейге қосу туралы мәселе 4 қазанға белгіленген федерация кеңесі отырысында қаралады. Луганск облысының басшысы Леонид Пасечник мәлімдеме жариялап, Владимир Путинді Ресей құрамына 28 қыркүйекте қабылдауды сұраған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз