Қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыстан қаза тапқандар саны 35-ке жетті

0
577

Қырғызстанмен Тәжікістан шекарасындағы қақтығыс салдарынан қаза тапқан қырғызстандықтардың саны 35-ке жетті. Бұл туралы дүйсенбі күні брифингте Қырғызстан денсаулық сақтау министрінің орынбасары Элиза Солтонбекова хабарлады.

Бұған дейін,  183 адам зардап шегіп, оның ішінде 99 адамның ауруханаларда ем алып жатқаны хабарланған еді. Одан бөлек қақтығыс салдарынан 13 жасар қызды қосқанда 34 адамның қайтыс болғаны туралы хабарлама жарияланды.

29 сәуір күні Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік комитеті Тәжікстан ішкі істер министрлігінің шекара әскерлері мен арнайы жасағы сағат 14:00-де Баткен облысының Көк-Таш ауылындағы “Головной” бастоғанына жаппай оқ жаудыра бастағанын, минаатқыш, пулемет, автомат қолданғанын хабарлады. Қақтығыс 6 сағаттан астам уақытқа созылды. 29 сәуір кешкісін екі тарап соғысты доғаруға келісті. Алайда, 30 сәуір күні қақтығыс жалғасты. Екінші келісім 30 сәуір кешкісін жасалды. Екі тараптан 50-ден астам адам қаза тауып және 200-ден астам адам жарақат алған. 

 

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз