Қытайда BBC World News телеарнасына тыйым салынды

0
190
Photo: Reuters

Қытай билігі Дүниежүзілік Би-би-си қызметінің BBC World News теларнасына өз аумағында ақпарат таратуына тыйым салды. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

Өткен аптада британдық медиа реттеуші орган Қытай мемлекеттік телеарнасының Ұлыбритания аумағында ақпарат таратуына тыйым салып, лицензиясын қайтарған болатын. Ал Қытай билігінің мәлімдемесінде тыйымға британдық телеарнаның “заң бұзғаны” себеп болғаны, атап айтқанда “ұлттық мүдде мен Қытайдың ұлттық бірлігіне нұқсан келтіргені” жазылған.

BBC World News Қытайдағы телеарна пакеттерінің басым бөліміне кіргізілмеген, бірақ осыған дейін кейбір қонақ үйлерде көрсетілетін.

Би-би-си басшылығы Қытай билігінің шешіміне өкініш білдірді.

Ұлыбритания мен Қытай арасында соңғы уақытта жағдай ушыға бастаған. Оның негізгі себептерінің бірі – Гонконгтегі жағдай. Лондон Гонконг автономиясын шектеуге бағытталған Пекин әрекетін айыптап, бұрын британ отары болған қала тұрғындарына азаматтық ұсынған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз