Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 200 мыңнан асты

0
266
Photo: Turar Kazangapov

11 ақпан күні 951 адам коронавирус жұқтырып, жалпы наурыз айынан бері 200 044 адам вирус жұқтырған. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі 12 ақпан күні хабарлады.

Бұдан бөлек 1167 адам коронавирустан жазылып шықты. 286 адам коронавирус пневмониясынан емделді. Бір күнде 4 адам – коронавирустан, 1 адам коронавирус пневмониясынан көз жұмды.

Өткен тәулікте ең көп науқас Павлодар облысы (163) және Нұр-Сұлтан қаласы(109) мен Алматы қаласында(108) тіркелген. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жүзге жетпейді.

Қазір коронавирустан 24 847 адам ( оның ішінде 9407 адам пневмониядан) емделіп жатыр. 255 адамның жағдайы ауыр, 53 науқастың жағдайы өте ауыр. 44 адам жасанды тыныс аппаратына қосылған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз