Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясында Шаньвэй қаласының соты есірткі қылмысында кінә тағылған он айыптыны сенбі күні өлім жазасына кесті. Бұл туралы РИА Новости хабарлайды.
Жаза сот шешімі шыққан күні бірден жүзеге асырылды.
Жазаланғандар есірткі өндірісінде, тасымалдауда және сатуда айыпталған.
Қытайда өлім жазасы Қылмыстық кодекстің бірнеше бабында қарастырылған, соның ішінде заңсыз есірткі айналымына да өлім жазасы беріледі.
Сафина Саид