20 мың түркістандық Түркістан облысының құрылуын мерекеледі

0
214

Түркістанда мемлекет басшысының Түркістан облысын құру және облыс орталығын Түркістан қаласына көшіру туралы бұйрығын аймақ тұрғындары ерекше қуанышпен мерекеледі. Түркістандағы Есім хан орталық алаңында өткен мерекелік іс-шараға шамамен 20 мың адам қатысты.Бұл туралы аймақ әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Түркістан облысының әкімі Ж. Түймебаев бастаған делегация мерекелік іс-шараның куәсі болды. Тарихи сәттегі қуанышты бөлісуге сондай-ақ көлемді мерекелік іс-шараға қазақ эстрадасының танымал жұлдыздары да қатысты.

Мерекелік іс-шара барысында сөз алған облыс әкімі Ж. Түймебаев президент бұйрығының маңызын алға тартып, аталған шешімді қолдауға шақырды.

«Сіздерді тарихи қала Түркістанның облыс статусына ие болуымен шын жүректен құттықтаймын. Мемлекет басшысы атап өткендей, аймақтың көркеюі мен дамуы мақсатында қабылданған тарихи шешім терең мәнге ие. Аталған қадам тарихи мұралардың жаңғыруына, әлеуметтік-экономикалық өсімнің әлеуетіне, халықтың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етеді. 1500 жылдық тарихы бар қаланың жаңа тынысы ашылады. Біз Елбасының Мәңгілік ел құрудағы ұлы мақсатына негізделген аталған саяси шешімді жүзеге асыру үшін бар күш-жігерімізді салуымыз керек », – деді облыс әкімі.

Алаңға жиналған тұрғындар өнер жұлдыздарының қатысуымен өткен мерекелік кеш пен отшашудың куәсі болды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз