Астанада “Мисс ТМД-2018” халықаралық байқауы өтеді

0
94
дереккөзден

Астанада 17-27 шілде аралығында «Мисс ТМД-2018» халықаралық байқауы өтеді.

Ұйымдастырушылар таратқан ақпарға сәйкес, ТМД мемлекеттері арасындағы ең сұлу бойжеткен аталымына 16 елден 18-27 жас аралығындағы 25 қыз қатысады. Аталған мемлекеттер ішінде Грузия, Украина, Эстония, Литва, Латвия бар.

Қатысушылар финалға 10 күн қалғанда Астанаға келеді. Аталған уақыт аралығында бойжеткендер қазақ халқының ұлттық дәстүрлерімен танысып, қаладағы көрікті жерлерді аралап, қайырымдылық қорлары ұйымдастырған іс-шаралар мен мерекелік концерттерге қатысады.

Байқауда қатысушылар ұлттық киімдер сән үлгісін көрсетіп, кешкі көйлектер үлгісін де көрермен назарына ұсынады. Шоу-бағдарламаға әлемдік эстрада жұлдыздары, әртістер мен дизайнерлер қатысады.

Аталған мереке елорданың 20 жылдығына арналады.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз