Бедел рейтингінде Қазақстан Ресейден жоғары көрсеткіш көрсетті

0
119
дереккөзден

Халықаралық консалтингтік Reputation Institute компаниясы жыл сайын жарияланатын мемлекеттердің беделіне қатысты рейтинг қорытындысын мәлім етті. Бедел рейтингінде Қазақстан 47-ші орынға табан тіресе, Ресей 52-ші орынды місе тұтты. Бұл туралы КазТАГ хабарлайды.

«Бұрынғы Кеңес Одағы құрамында болған мемлекеттер қатарынан аталған рейтингке Ресейден өзге тек Қазақстан ғана енген. Өткен жылғы рейтинг тізімінде 45-ші орынға ие болған Украина аталған рейтингке осы жылы енбеген. Дегенмен, авторлар рейтингті жасақтағанда Ішкі жалпы өнім деңгейі бойынша әлемнің 55 мемлекетін сараптағандарын алға тартады », – деп хабарланады.

Баяндамада 2018 жылы өткен жылмен салыстырғанда бірқатар мемлекеттердің көрсеткіштері төмендеген, дегенмен, Ресейден бұл әлеуетті байқалады, деп мәлімделген. Ресей Сауд Арабиясы мен Нигерия арасындағы 52-ші орынға жайғасқан. Бұдан жоғары көрсеткіштерге Колумбия, Венесуэла, Бангладеш ие болса, Иран мен Ирак бір орын төмен.

Reputation Institute сарапшылары футболдан әлем чемпионаты Ресейдің беделін көтеруге мүмкіндік беруі әбден мүмкін деп топшылайды.

Бедел рейтингінде көш бастаған – Швеция, Финдляндия, Швейцария.

Ал АҚШ-тың көрсеткіші әлеуетті түрде төмендеген (34-ші орын), мұны сарапшылар Дональд Трамптың жүргізіп жатқан саясатымен түсіндірді. Қытай 45-ші орынға жайғасса, Үндістан 35-ші орында.


Reputation Institute рейтингі мемлекеттің жемқорлық деңгейін есепке алып, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық саясатын бағамдап жасақталады.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз