Биыл Қытай халқы жаңа жыл мейрамын 10 ақпанда атап өтеді. Шығыс жылнамасы бойынша ол жылда ауысып келіп отырады. Мейрамның нақты уақыты Ай айналымына қарап анықталады: жылдың алғашқы айында ай бірінші рет туған кезде Жаңа жылды қарсы алады.
Осыған орай елден жырақ кеткен қытайлықтар туған өлкелеріне оралып, отбасымен қауышып, ортақ мерекелік дастархан басында жиналады. Мереке қарсаңында әуе және темір жол кассаларының алдында билетке үлкен кезек болады.
Бірінші күннің өзінде 189 миллион жолаушы саяхаттаған. Қытай елі жаңа жыл мейрамы кезінде бір апта демалады. Ал саяхат маусымы 5 наурызға дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында сапарлайтындардың саны 9 миллиардқа жетуі мүмкін.