24-26 қаңтар аралығында Ұлыбритания астанасы Лондонда білім беру мен технологияны ұштастырған ең үлкен BETT Show көрмесі өтті.

3 күнге созылған көрмеде әлем елдерінің білім мен технологияға қатысты ең мықты өнімдері таныстырылды, сала мамандары өзара нетворкинг құрды.

Іс-шара Еуропа, Солтүстік Америка, Азия, Африка және т.б елдерден жиналған IT-мамандары, бағдарлама құраушылары, білім саласындағы үздіктерді жинайды. Google, Microsoft, Meta, Canva, Kahoot және т.б ірі компаниялардың стендтері жиналған.

Қазақстан атынан әлемдік аренаға отандық EduCon компаниясының EduTest пен EduWay атты 2 өнімі шықты.

“EduTest-сырттай бағалау және мониторингке арналған платформа. Онда оқушы, мұғалім, жалпы мектептің БИЛ, НЗМ сынды емтихандарға дайындық дәрежесін тексеруге болады. Онымен қоса, Едутестте оқушы ҰБТ-ға арналған байқау сынақтарын тапсырып, ұпайлары қай ЖОО-на грантқа ілігетіні жайлы толық анализ ала алады. Мектептердің, балалардың білім деңгейін анықтайтын, тоқсандық срезге байланысты тесттер, детальды анализдер де бар. Яғни, EduTest- еліміздің барлық мектептерінің цифрландыруға бет бұруына жасалған керемет платформа” – дейді EduCon комапаниясының өкілдері.

Ал EduWay-қашықтан білім беру платформасы. EduWay-де оқушы мектеп бағдарламасына сай барлық тақырыптарды видео сабақ форматында қарап, қашықтан оқу мүмкіндігіне ие болады.

Бұған қоса компания барлық мектеп пәндері бойынша кітаптар шығарады. Әр кітапта тақырыптық тесттер мен олардың бейне шешімдері бар. Өнімдердің барлығы оқушылардың ЖОО-на мемлекеттік грант ұтып алу, еліміздің алға ұстар мектептеріне түсу ықтималдылығын жоғарылатады.

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев EduCon компаниясының өнімдерімен танысып жатыр.

Көрменің алғашқы күні ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық өнімнің стендін көріп қайтты. Қазақстандық өнімнің BETT show-ға қатысуы білім беру саласындағы инновациялардың биік дәрежесі мен ЕduCon компаниясының оқу-ағарту саласына қосқан үлкен үлесін көрсетті.

Оқи отырыңыз: Оксфорд университетінде қазақ тілі оқытылады

Камила Амангельдинова

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз