Қазақстандық 70 оқушы Үндістанда робототехника жарысына қатысады

0
26
Робототехника жарысына аттанған қазақстандық оқушылар.

70 оқушыдан құралған алты қазақстандық команда Үндістанға робототехника чемпионатына жол жүріп кетті. Олар The Goa International Robotics Festival ашық чемпионатында бақ сынасатын болады.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, Sana Team, Zhylyoi technic, Qazaq style, Xcellence, Billion team, Stay hydrated және Nova Fusion командалары үш санат бойынша сайысқа түседі: FIRST LEGO League Explore, FIRST Lego League Challenge және FIRST Tech Challenge. Олардың құрамында Астана және Алматы қалаларынан, Атырау облысының Құлсары, Павлодар облысының Екібастұз қалаларынан келген оқушылар да бар.

«Бұл чемпионатқа бұрын халықаралық жарыстарда тәжірибесі жоқ оқушылар да қатысуға мүмкіндік алды. Біздің балаларымыз ел намысын жоғары деңгейде қорғауға ниетті», – дейді Алматы қаласы білім басқармасы жанындағы «Алматы дарыны» орталығының бөлім басшысы Жанна Алмусаева.

Еске салайық қазақстандық оқушылар былтыр желтоқсан айында USTEM Foundation Қоғамдық Қоры ұйымдастырған Almaty Tech Cup республикалық турнирінде Алматы қаласы әкімдігінің және Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен чемпионатқа жолдама алған еді. Чемпионатқа әр елден барлығы 220 команда қатысады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз