Қытай АҚШ-тың мемлекеттік қарызына салым салуда көш бастап тұр. Шілде айында Қытай бұл салымға инвестицияны 7,7 млрд долларға қысқартқан еді. Қазіргі уақытта Қытай 1,171 триллион долларлық айналымға ие.
РИА Новости таратқан ақпарға сәйкес, екінші орынға Жапония табан тіреген. Жапония АҚШ-қа салым салуды керісінше ұлғайтқан, жалпы сомасы – 1,0355 трлн доллар. Құрама Штаттарға салым салудағы үздік үштік қатарын 300 млрд доллармен Ирландия түйіндеп тұр. Ресей АҚШ-тың мемлекеттік айналымына қаражат салуды қысқартқан, жалпы сомасы 14,907 миллиард доллары құрайды.
Осы жылдың шілде айында АҚШ-тың мемлекеттік айналымына қаражат салу 40 миллиард доллардан 6,2516 трлн долларға өскен.
Санкция салқыны
Бұған дейін АҚШ пен Қытай арасында сауда қақтығысы өршіген еді. АҚШ осы жылдың 24 қыркүйегінен бастап қытай тауарларына 200 млрд доллар көлеміне 10 пайыз салық салатындарын мәлімдеді. Қытай болса, қарымта қайтармақ ниетте. 24 қыркүйектен бастап Қытай АҚШ тауарларына 60 млрд доллар көлемінде салық салады. Ресми Вашингтон Бейжің келісімге келуге ниет етпесе, салық бағамы 2019 жылдың 1 қыркүйектен бастап 25%-ға өсетінін мәлім етті.
АҚШ президенті Дональд Трамп Қытайдан келетін импорт тауарларына 200 млрд долларға салық салды. Салық 10 % сомасында айқындалады.
Бұған дейін АҚШ Қытайды өзара келісімге келуге шақырған еді. Қытай дереккөздерінде тараған ақпарға сәйкес, егер Трамп әкімшілігі 24 қыркүйекте қытай тауарларына салық салатын болса, Бейжің тарабы келіссөздерге келмейтіндерін алға тартады.
Сафина Саид