Зеленский Путинді Донбаста кездесуге шақырды

0
306
Ресей президенті Владимир Путин мен Украина басшысы Владимир Зеленский. Photo: unian.info

Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басшысы Владимир Путинге Донбаста кездесуді ұсынды. Бұл туралы Зеленский өзінің Телеграм каналында жарияланған бейне хабарламада айтты.

Оның айтуынша, 19 сәуірде өткен “Норман төрттігі” саяси кеңесшілерінің отырысында жағдайды мүмкіндігінше көру және түсіну үшін Донбаста кездесу керек.

“Мен бәрін жақсы түсінемін, ол жерге ай сайын барамын. Путин мырза, мен одан әрі қарай жүруге дайынмын және соғыс жүріп жатқан украиналық Донбастың кез келген жерінде кездесуді ұсынамын”, – деді Зеленский.

Донбастағы жағдай өткен айда шиеленісе түсті. Наурыз айының соңында The New York Times 4 мың Ресей әскері Украинаның шекараларына, соның ішінде Ростов, Брянск және Воронеж облыстарында, сондай-ақ Қырымға келгенін хабарлады. Басылымның мәліметінше, Ресей қарулы күштерінің 28 батальондық тактикалық тобы шекара бойында орналасқан.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл жағдайға жауап ретінде Ресей әскерінің ел ішінде қозғалуы басқа мемлекеттерге қауіп төндірмейді және оларды мазаламауы керек деді.

Ол Ресей “өз шекараларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті шараларды” жүзеге асырып жатқанын және оның әскері Украинадағы қақтығысқа ешқашан қатыспағанын және қатыспайтынын айтты. Қорғаныс министрлігі әскери күштердің Қырымға көшуін Оңтүстік әскери округтің жоспарлы жаттығулары деп түсіндірді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз