Тағы екі облыс “қызыл аймаққа” кірді

0
211

21 сәуірдегі Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасы бойынша Маңғыстау және Қызылорда облыстары “қызыл аймаққа” кірді. Осылайша қауіпті аймақтағы өңірлер саны онға жетті.

Маңғыстау облысында өткен тәулікте 65 адамда, Қызылорда облысында 47 адамда коронавирус індеті ПТР тесті арқылы расталған.

  • “Қызыл” аймақта: Нұр-Сұлтан Алматы, Шымкент қалалары, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау және Қызылорда облыстары.
  • “Сары” аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Алматы облыстары.
  • “Жасыл” аймақта: Қостанай, Түркістан және Солтүстік Қазақстан облыстары

Өткен тәулікте Қазақстанда 2 696 адамның коронавирус жұқтырғаны ПТР арқылы анықталған. 23 адам коронавирустан көз жұмды және 3 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз