Қазақ бала Кембридж университетінен шақырту алды

0
794
Данат Дүйсенбеков.

Нұр-Сұлтандағы Spectrum халықаралық мектебінің оқушысы Данат Дүйсенбеков әлемнің үздік он университетіне кіретін Ұлыбританиядағы Cambridge университетіне шақырту алды.

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылар халықаралық жарыстан жүлделі оралды

Данат Дүйсенбеков сонымен қатар АҚШ-тағы төрт университеттен шақырту алған. Олар: University of Michigan, Georgia Tech, UC San Diego, UC Santa Barbara. 

Данат бұдан бұрын берген сұхбатында америкалық әлемдегі алдыңғы қатарлы техникалық университетке тапсыратынын айтқан. “Егер адам алдына мақсат қойса қандай кедергі болмасын жеңіп, діттеген межесіне жетеді. Карантин немесе басқа да жағдайлар оған кедергі келтіре алмайды”, – деген еді оқушы.

Данат бірнеше жыл бойы көптеген халықаралық математика олимпиадаларының жеңімпазы атанған. Мысалы, IMO (2019, 2020) – 2 орын; Азия Тынық мұхит математика олимпиадасы 2019, алтын (2018-2020); Балқан математика олимпиадасы (2017-2019); Жібек жолы математика олимпиадасы -1 орын және т.б. 

Данат Дүйсенбеков.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтандық оқушылар Халықаралық математика олимпиадасына дайындалып жатыр

2018 маусым айында жасөспірімдер арасында математика пәнінен XXII Балқан олимпиадасы өтті. Қазақстан командасы 22 елдің арасында үшінші орынмен жақсы нәтиже көрсете білді. Қонақ елдер арасында көшбасшы атанғанын айта кеткен жөн. Қоржында екі алтын, үш  күміс, бір қола медаль. Сол кезде “Білім-инновация” лицейінің 10 сынып оқушысы Данат Дүйсенбеков тапсырмалардың көпшілігін шешіп, ең жоғары көрсеткішпен алтын медаль иеленген болатын.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз