5 ақпанда Әзербайжандағы жер сілкінісінен 30 адам зардап шекті. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
“Үш адам аудандық ауруханаға жатқызылды. Біреуінің қолы сынған, екі адамның аяғына зақым келген. Оларға дәрігерлік көмек көрсетілді” деп хабарлады министрлік өкілі.
Бұған дейін Әзербайжанның сейсмологиялық қызмет орталығы елдің солтүстігінде 5 ақпанда жергілікті уақыт бойынша сағат 23:41 кезінде тіркелген сілкініс күші эпицентрінде 6 балл, оған жақын аудандарда 5,3 болған деп хабарлаған еді.
Азаттық радиосының хабарлауынша, жерасты дүмпуі ел астанасы Баку қаласында да сезілген.