Трамп пен Ким Чен Ын Вьетнамда кездеседі

0
42
АҚШ президенті Дональд Трамп және Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын

27-28 ақпан күндері АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынмен Вьетнамда кездеседі. Бұл туралы Ақ үй қожайыны Конгресте жасаған жолдауында мәлімдеді.

Басқосуда талқыланатын мәселелер әзірге белгісіз. Сарапшылар осыған дейін қол қойылған келісімнің жүзеге асырылуын, Солтүстік Кореяның ядролық әлеуетін тексеру мен санкцияларды азайтуды қарауы мүмкін деп отыр.

Айта кетейік, АҚШ президенті мен Солтүстік Корея басшысының алғашқы кездесуі былтыр 12 маусымда Сингапурде өткен болатын. Онда Пхеньян ядролық қарудан бас тартуға, ал АҚШ бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне кепіл беруге келісті.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз