Италияның Торино қаласында ең ықпалды саяси және заңды тұлғалар жаһанның күн тәртібіндегі мәселелерді талқылау үшін Билдерберг кездесуіне жиналды. Осы жылы 66-шы рет ұйымдастырылған кездесудің мақсаты – жаһанның ең өзекті мәселелерін талқыға салу, сондай-ақ Еуропа мен Солтүстік Америка арасындағы диалог та күн тәртібінде.
Осы жылы аталған кездесуге әлемнің 23 елінен 113 фигурант шақырылған. Қатысушылардың үштен бірі Еуропадан келсе, қалғандары – Солтүстік Америкадан. Қызу талқыға бизнес, қаржы, ғылым, бұқаралық ақпарат құралдары, саяси көшбасшылар қатысады. Биылғы жылғы Билдерберг кездесуіне Бельгия, Сербия және Эстониядан Үкімет басшылары шақырылған, сондай-ақ НАТО ұйымының Бас хатшысы, Франциядағы барлау қызметінің басшысы да тізімде бар. Ұлыбритания Банкінің президенті Марк Карней мен неміс-еврей дипломаты Альфред Киссинджер осы жылғы кездесудегі басты тұлғалар.
Кешенді негізде кездесуге Airbus, BP, Total, Google, Vodafone және Ryanair жетекшілері қатысады. Кездесу 4 күнге жалғасады.
Күн тәртібі:
-
Еуропадағы популизм;
-
Теңсіздік мәселесі;
-
Кәсіпкерліктің келешегі;
-
Жасанды интеллект;
-
Сайлауалды АҚШ;
-
Еркін сауда;
-
АҚШ басшылығы;
-
Ресей;
-
Квантты технология;
-
Сауд Арабиясы мен Иран;
-
«Шынай әлемнен тыс»;
-
Күн тәртібіндегі оқиғалар
Кездесудегі сын мен мәміле
Басты қатысушылар мен күн тәртібінен өзге кездесуге қатысты ақпарлар жоқтың қасы.
Чатам Хаус ережесіне сәйкес, жиналысқа қатысқандар аталған талқыда алған ақпараттарымен бөлісуге болады. Дегенмен, қатысушы ақпаратты таратқан фигурант, ұйымды құпия ұстауы тиіс.
Сондай-ақ кездесудегі есептер мүлдем жарияланбайды. Сондықтан, кездесу жұмбақ күйінде қалады, қоғам тарапынан қызығушылық тудырады (Euronews).
Сафина Саид