Мемлекет басшылары қанша еңбекақы алады

0
125
дереккөзден

Швейцария президенті Ален Берсе президенттердің еңбекақысы рейтингінде көш бастады. Берсе айына 36,4 мың доллар көлемінде еңбек ақы алады.

Екінші орында АҚШ президенті Дональд Трамп. Трамптың еңбекақысы 33, 5 мың долларды құрайды. Үшінші орынға табан тіреген Жаңа Зеландия басшысы Пэтси Редди айына 27 мың доллар еңбекақы алады.

Люксембург президенті Ксавье Беттелдің еңбек ақысы 26 мың долларды құраса, Ирландия президентінде 23 мың доллар.

Еңбекақы рейтингінде алтыншы орынды Франция президенті Эммануель Макрон иемденді. Макронға төленетін еңбекақы – 21, 2 мың доллар. Өз кезегінде, аталған орынға Канада премьер-министрі Джастин Трюдо да табан тіреді, Трюдоның еңбекақысы дәл Макрондікіндей.

Германия канцлері Ангела Меркель айына 20,5 мың доллар еңбекақы алады. Сегізінші орында Оңтүстік Африка Республикасының президенті Сирилл Рамафос – 18,8 мың доллар.

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ айына 17 мың доллар көлемінде еңбекақы алады, Оңтүстік Корея президенті Мун Джэин – 13,5 мың доллар.

Рейтинг қатарына енген жалғыз әйел Сингапур басшысы Халима Якоб айына 12 мың доллар табыс табады.

Өз кезегінде, РФ президенті Владимир Путин айына 11 мың доллар еңбекақы алса, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанның табысы – 10 мың доллар.

Рейтингтегі 14-ші орын Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиевтің еншісінде (8824 мың доллар) (Спутник-Казахстан).

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз