Жапонияда зілзаладан 100 адам зақымданып, 66 адам мерт болды

0
36
фото: Sputnik Қазақстан

Жапонияның орталығында болып жатқан зілзала құрбандарының саны 65 адамға жетті, деп хабарлайды Kazaknews.kz тілшісі Kazinform-ға сілтеме жасап.

Бұдан бөлек 100-ден астам адам түрлі жарақат алған. Қаза тапқандар мен жараланғандардың көбі –тоқтамай жатқан жер сілкінісі орталығына айналған Исикава тұрғындары.

Ондаған зілзала салдарынан өрт тұтанып, 200-ден астам тұрғын үй күлге айналды, 100-ден астам нысанды жерасты дүмпуі қиратты.

Жер сілкінісі басталғаннан кейінгі бірінші күндері Жапонияның орталық және батыстағы бөлігінің 60 мыңнан астам тұрғыны үйін тастап кетуге мәжбүр болды.

33 мыңнан астам үй жарықсыз отыр, зардап шеккен аудандарда интернет пен мобильді байланыс нашарлаған. 

Елдің ұлттық метеорологиялық басқармасының мәліметінше, магнитудасы 7,4-ке жететін жер сілкінісі болған.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз