Жеңіл көлікке бойкот: Пайдалы ма әлде құрғақ қиял ма?

0
36

Дүние жүзіндегі кейбір қалалар халықты жеке авто көлік пайдалануды азайту қажеттілігіне көндірмек.

Бұл көзқарас жаңадан бастау алмаған. Автокөліктерге қарсы “соғыс” Ұлыбританияда 15 жыл бұрын басталған. Олар, Лондонның орталығына бару үшін жүргізушілерден қосымша ақы төлеуді талап етеді. Осылайша көлік қозғалысындағы кептеліс пен жеке жүргізушілер санын азайтпақ.

Көптеген билік өкілдері, көлік қозғалысын азайту және ауа сапасын жақсарту бойынша күш-жігерін жалғастыруда. Бұл жүргізушілерді ауаны ластаушы көліктерден экологиялық таза көлік түрлеріне көшуге ынталандыру мақсатында күрес болып табылады.

Мысалы, Париж 2030 жылға қарай бензинмен жүретін көліктерге тыйым салады. Бұл қазіргі таңдағы климаттың өзгеруімен күресу қажеттілігін білдіреді.

Ал, Қазақстандағы жағдайды алып қарайтын болсақ, әлеуметтік желіден Алматы аспанын қара түтін басып тұрғанын байқаймыз. Бұл, автокөлік, энергетика кәсіпорындары және газдандырылмаған жеке сектор әсерінен болып отыр. Бұдан бөлек, Қарағанды, Теміртау, Астана қалалары да әлемдік рейтинге ауасы лас қалалар тізіміне кіреді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз