Нұр-Сұлтанда дәрі-дәрмек сатуға лимит қойылады

0
211
Дәріхана сатушысы. Photo: astana.gov.kz

Нұр-Сұлтан дәріханаларында дәрігердің ұсынуынсыз сатылатын препараттарды сатуға лимит қойылады. Бұл туралы елорданың фармацевтика қауымдастығының директоры Гүлнарай Әлмурзина хабарлады.

“Өткен аптадан қала тұрғындары вирусқа қарсы препараттарды, азитромицин антибиотиктерін түгел сатып алды. Біз талдау жүргізіп, 41 дәрі-дәрмектің атауы көрсетілген кесте құрдық”, – деді Әлмурзина.

Оның айтуынша, дәрігердің рецептінсіз сатылатын препараттарды реттеу туралы меморандумға қол қою туралы шешім қабылданған.

“Ол жерде халыққа қанша дәрілік препарат сатуға болатыны жазылады. Ал рецепт бойынша сатылатын дәрі-дәрмектер мен антибиотиктер, бұрынғыдай, дәрігердің нұсқауымен  беріледі”, – деді Гүлнарай Әлмурзина 

Әлмурзина дене қызуын түсіретін дәрі-дәрмектің тапшылығын ескертіп, дәріханаларда балама нұсқалардың бар екенін айтты.

Олар: “Панадол”, “Эфералган”, “Ибупрофен”, “Ибуфен”, “Миг” және “Новиган”.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз