ЕАЭО еліндегі банк қарыз алушының кредиттік тарихын білетін болады: Сенат тиісті заң қабылдады

0
52

18 мамырда Парламент сенатының депутаттары Еуразиялық Экономикалық Одақ шеңберінде кредит тарихының құрамына кіретін мәліметтерді алмасу туралы заңды қабылдады, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Бұл келісім ЕАЭО ортақ қаржы нарығының қалыптастыру тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде әзірленген. Келісімнің мақсаты ЕАЭО шеңберінде кредиттік тарихтың мәліметтерін трансшекаралық алмасу үшін жағдай жасау болған. Сондықтан келісім арқылы кредиттік есептер мен трансшекаралық алмасу тәртібін және берілетін ақпараттарды айқындайды.

Қаржы нарығын реттеу агенттігі төрағасы орынбасарының айтуынша бұл заңнан кейін оң кредиттік тарихы бар қарыз алушылар ЕАЭО елдерінің банкінен кредит алу мүмкіндігіне ие болады. Ал тиісінше құжат алмасу арқылы банкта қарызы бар және уақытылы өтей алмай жатқан қазақстандықтар ЕАЭО елдеріндегі банктен несие алуға мүмкіндігі болмайды.

Кредиттік тарих туралы құжат алмасу міндетті түрде жеке немесе заңды тұлғаның келісімімен жүзеге асырылады. Егер жеке немесе заңды тұлғаның келісімі болмаса кредиттік бюро, сұраушы тарапқа ешқандай мәлімет бермейді.

«Келісімде барлық тараптардың, уәкілетті ұйымдардың және кредиттік тарихы пайдаланушылардың трансшекаралық алмасу шеңберінде, ақпаратты қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі міндеті белгіленген», – дейді Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Қизатов Олжас.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Қизатов Олжас. фото: скриншот

Қизатов Олжас пресс-конференциясы кезінде ЕАЭО елінің 1869 азаматы  Қазақстандағы банктерден кредит алғанын мәлімдеді. Олардың 90 күннен асырып қарызын өтемегендері жалпы несие алғандардың 5 пайызын құрайтынын жеткізді. Дегенмен, олардан қарызды қалай қайтаратыныы туралы сұраққа жауап бере алмады.

Ал керісінше ЕАЭО еліндегі банктерден қанша қазақстандық кредит алғаны белгісіз. Қизатов Олжастың хабарлауынша бұл мәлімет туралы сұрақ ЕАЭО комиссиясына жіберілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз