Футболдан әлем чемпионатының эмблемасы таныстырылды

0
103
фото: fifa.com

17 мамырда АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында FIFA 2026 турнирінің ресми эмблемасы таныстырылды, деп хабарлайды Kazaknews.kz Ақпараттық агенттігі.

Футбол тарихында алғаш рет эмблемада турнирдің кубогы мен жылы қоса бейнеленген. Іс-шара барысында турнир эмблемасын таныстырғаннан кейін, 2026 жылы өтетін әлем чемпионатына кері санақ басталды.

Айта кетейік, 2026 жылы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика елінде өтеді. Осы үш мемлекет әлем чемпионатын өткізуші ел болғандықтан ұлттық құрамасы әлем чемпионатына тікелей жолдама алады. Турнир 16 қалада өтеді. Барлығы 104 матч ойнатылады. Алғаш рет осы турнирде әдеттегідей 32 команда емес, 48 ұлттық құрама ойнайды. Ойындар маусым-шілде айында өткізіледі. Финалдық ойын 19 шілде күні болады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз