Қаржы нарығында жағдай қалыпты – Ақышев

0
90
Ақорда

Қаржы нарығындағы жағдай қалыпты. Макроэкономикалық көрсеткіштер мен қаржы секторының даму индикаторлары тұрақты түрде жақсарып келеді. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде мемлекет басшысы өткізген Кеңес барысында мәлімдеді.

Кеңес барысында «2018 жылы инфляция 5-7 пайыз шамасында болады деп ойлаймыз. Биылғы ақпан айының соңындағы жағдайға сәйкес, заңды тұлғаларға теңгемен берілетін несие ставкасы 12,9 пайызға дейін төмендеді», – деп мәлімдеді Ұлттық банк төрағасы.

Президенттің баспасөз қызметі таратқан ақпарға сәйкес, кеңес барысында Данияр Ақышев теңгенің айырбас бағамындағы ахуал мен оған ықпал еткен ішкі және сыртқы факторларға түсінік берді.

“Теңге 3 пайызға ғана төмендеді”

Өткен аптада жекелеген ресейлік компаниялар мен тұлғаларға қатысты АҚШ-тың экономикалық санкцияларын кеңейтуіне байланысты оқиғалар болды. Тиісінше Ресейдің қор және валюта нарығында белгілі бір өзгерістер орын алды. Әрине, олар Қазақстанның да валюта нарығына әсер етті және бұл еркін бағам жағдайында қалыпты нәрсе саналады. Бірақ бұған деген нарықтың әсері тура пропорционалды болған жоқ. Егер рубль бағамы 10 пайыздан астам құлдыраса, теңге номиналды түрде айтсақ, 3 пайызға ғана төмендеді,

– деді Ұлттық банк төрағасы.

Кеңес соңында мемлекет басшысы Ұлттық банктің жұмыс ахуалының жақсара түскенін алға тартып, бірқатар маңызды тапсырмалар міндеттеді.


18 сәуірде Қазақстан президенті Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді . Жиын барысында мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2017 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріліп, елдің қаржы секторының даму перспективалары баяндалды.

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз