Әлеуметтік баспаналар осы жылдан берілуі қажет – Н. Назарбаев

0
93
дереккөзден

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев әлеуметтік баспаналардың осы жылдан бастап берілу қажеттігін міндеттеді. Бұл туралы 18 сәуірде Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөніндегі кеңес барысында мәлімделді.

«Бүгінде экономиканы ұзақ мерзімді несиемен қамтамасыз ету мәселесі шешімін таппай отыр» деген мемлекет басшысы қор нарығын жандандыру, банк жүйесінде туындаған жағдайларды уақтылы бағамдап, тиімді әрекет ету қажеттігін алға тартты, деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

«Бүгін Парламентте талқыланып жатқан валюталық реттеу туралы заңға енгізілетін өзгерістердің қабылдануына байланысты «7-20-25» бағдарламасы аясында атқарылатын жұмысты биыл бастау керек. Мен қос палата депутаттарынан бұл мәселені осы сессиясының соңына дейін тездетіп қарастыруды сұраймын. Бұл әрбір азаматымызға арналған менің «Бес әлеуметтік бастамамды» іске асыру үшін маңызды»,

дейді Н. Назарбаев.

“Банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтатылды”

Бұдан өзге Қазақстан президенті макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғанын және инфляцияның белгіленген межеден аспағанын атап өтіп, банк жүйесіне мемлекеттің қолдау көрсетіп жатқанына, сондай-ақ реттеуші тарапынан қаржы институттарының қызметін қадағалауды күшейту қажеттігіне назар аударды.

«Мемлекет 3 триллион теңгеден астам қаражат бөліп, банк жүйесіне бұрын-соңды болмаған қолдау көрсетті. Бұл ретте, банктер тарапынан берілген несиенің көлемі артпай, 2017 жылдың соңында 12,7 триллион теңгені құраған. «Жұмыс істемейтін» несиенің үлесі – 10 пайыз. Биыл көрсеткіштері өте нашар банктерді сауықтыру жөніндегі Ұлттық банк бағдарламасы тоқтатылады. Акционерлері дұрыс басқара алмағандықтан, бұл банктер қарызға батып, салымшылар алдында өз міндеттемелерін орындай алмады. Сол себепті көрсеткіштері нашар болды. Бұл жағдайдан қалай шығуға болады? Бұл банктерді сақтап қалу үшін акционерлер өздерінің жеке қаражатын құйып, кезінде олардан шығарып алған қаржыны қайтаруға тиіс»,

дейді мемлекет басшысы.


18 сәуірде Қазақстан президенті Ұлттық банк қызметінің қорытындылары жөнінде кеңес өткізді . Жиын барысында мемлекет басшысына Ұлттық банктің 2017 жылғы атқарған жұмыстары жөнінде есеп беріліп, елдің қаржы секторының даму перспективалары баяндалды.

Осы жылдың 5 наурызында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқының әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған жаңа әлеуметтік бастамаларды жария етті. Аталған бастамалардың алғашқысы жоғарыда аталған “7-20-25” бағдарламасы. Президент ұсынған бағдарламаның шарттарына сәйкес, әрбір еңбекпен қамтылған қазақстандық келесі шарттар аясында баспана алуға мүмкіндігі болады.

“Қарыз бойынша сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7 пайыздан көп емес. Алғашқы салым – 20 пайыздан артық емес. Несиені өтеу мерзімі 25 жыл”.

 

 

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз