Өзбек-тәжік шекарасы миналардан тазартылады

0
272
avesta.tj

Өзбекстан мен Тәжікстан шекаралық аймақта инженерлік кедергілерді жою мақсатында бірлескен жұмыс тобын ұйымдастырды. Бұл туралы Eurasia Daily порталы тәжік үкіметінің қарулы күштер блогында қызмет ететін ақпарат көзіне сілтей отырып хабарлады.

«Жалпы, шекарадағы миналарды жою осы жылдың мамыр айының орта кезінде басталуы ықтимал», — деп хабарлайды ақпарат көзі. Ол, алайда, Тәжікстан мен Өзбекстан арасындағы ортақ шекара учаскесінің қай бөлігіне мина төселгенін айтпады. Ақпарат көзінің айтуынша, мина төселген аймақ жайлы ақпарат барынша «құпияланған», дегенмен минадан тазарту жұмыстары басталарда масс-медиа өкілдеріне шақырту жіберіледі.


9-10 наурызда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Тәжікстанға жасаған сапарында 2019 жылдың соңына шейін шекаралық аймақта минадан тазарту жұмыстарын аяқтау туралы келісімге қол жеткізген еді.

Өзбек-тәжік шекарасының жекелеген аудандарындағы жарылғыш заттар Ташкенттің бастамасымен 1990жж төселген болатын.

Тәжікстанның ұлттық мина орталығының директоры Мухаббат Иброхимзоданың айтуынша, соңғы 20 жылда 374 тәжік азаматы мина басып мерт болған. Жарылғыш заттан зардап шеккендердің саны 485-ке жеткен. Ал минаны тазалау жұмыстарында 20 тәжік сапері жарақат алған болса, екеуі қайтыс болған.

Шекаралық аймақта тазарту жұмыстары жүргізілген аймақтың жалпы аумағы 16,3 шаршы шақырымды құрайды. Осы күнге шейін 56 мың мина мен 41 кг жарылғыш зат залалсыздандырылған.

Бауыржан Мұқан

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз