Куба өзгеріс қарсаңында

0
80
дереккөзден

Куба Мемлекеттік Кеңесі төрағасының орынбасары Мигель Диас-Канель 18 сәуірде аталған органның басшысы лауазымына ұсынылды. Dw.com таратқан ақпарға сәйкес, аталған лауазымға Мигель Диас-Канель жалғыз үміткер. Диас-Канельдің кандидатурасын парламент мақұлдауы қажет, дауыс беру нәтижесі 19 сәуірде белгілі болады.

Кубада Мемлекеттік Кеңес төрағасы ел президенті, үкімет пен Ұлттық қорғаныс кеңесінің басшысы және Бас қолбасшы болып саналады.

Бұған дейін Мемлекеттік кеңестің басшысы Рауль Кастро, оған дейін Фидель Кастро болды. Рауль Кастро қазіргі уақытта Куба Коммунистік партиясының бірінші хатшысы лауазымын атқаруда. Кастро әулеті Кубаны 1959 жылдан бері басқарып келді.

57 жастағы Мигель Диас-Канель  2009-2013 жылдары Кубаның жоғары білім министрі болды, 2013 жылы Мемлекеттік кеңес төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз