Мемлекет басшысының АҚШ-қа алғашқы ресми сапары

0
238

Ақ орданың баспасөз қызметі Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында мемлекет басшысының 1992 жылы АҚШ-қа жасаған алғашқы сапарынан бейнематериал жариялады.

Еске салайық, 2018 жылдың 16-18 қаңтары аралығында Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттарына (АҚШ) ресми сапармен барады. Сапар барысында АҚШ Президенті Дональд Трамппен, сондай-ақ АҚШ-тың ресми және іскер топтар өкілдерімен кездесулер жоспарланып отыр. Президент сондай-ақ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің отырысына қатысады.

Осы орайда Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының 1992 жылдың мамыр айында АҚШ-қа жасаған тұңғыш сапарынан бейнематериал жариялайды.

Сондай-ақ, «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қариннің мәлімдеуінше АҚШ президенті Дональд Трамп шетелдік көшбасшылар арасында алғаш рет Қазақстан Президентін Ақ үйде қарсы алады.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз