Тайландта қазақстандық 8 турист жол апатына ұшырады

0
95

Тайландтағы жол апатынан қазақстандық 8 турист пен олардың жүргізушісі зардап шекті. Олар Пхукет аралындағы Hanuman World саябағының аумағында микроавтобуспен болған жол апаты салдарынан түрлі деңгейдегі жарақаттар алды. Бұл туралы РИА Новости Nation газетінің интернет нұсқасына сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның мәліметіне сәйкес, микроавтобус жүргізушісі саябақ аумағында келе жатып көлік тізгініне ие бола алмай қалып, ағашқа соғылады. Оқиға орнында зардап шеккен 8 қазақстандық азаматтың төртеуі түрлі ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілсе, қалған төртеуі жеңіл жарақаттар алған.

Зардап шеккен екі туристке дереу ота жасалды. Қазіргі уақытта олар жергілікті клиникада ем алып жатыр.

Сыртқы істер министрлігі қазіргі уақытта Тайландта жол апатына ұшыраған азаматтармен тұрақты байланысқа шығып, қажетті көмек көрсетіп жатқанын мәлімдеді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз