Ұлттық Бюрода жаңа тағайындаулар

0
137
дереккөзден

Қазақстан Ұлттық бюросында жаңа кадрлық өзгерістер орын алды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді.

Өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында А. Шпекбаев Ұлттық бюрода екі жаңа тағайындау болғанын мәлімдеді.

А. Шпекбаев хабарлағандай, ішкі қауіпсіздік басқармасының басшысы болып ұлттық қауіпсіздік органдарының подполковнигі Ернар Баянғазин тағайындалды.

Құқық қорғау органдары саласында 20 жылдан астам тәжірибесі бар Асхат Жұмағали Тергеу департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды.

Сонымен қатар А. Шпекбаев дүйсенбіде өткен аппараттық кеңесте ұжымға заңнама бойынша жаңа көмекші Хакім Көшқалиевты таныстырғанын атап өтті. «Ол көп жылдар бойы прокуратура органдарында басшылық лауазымдарды атқарды, Парламент Мәжілісінің депутаты болып сайланды, қоршаған ортаны қорғау вице-министрі болып та тағайындалды», – деп жазады А. Шпекбаев.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз