Самұрық-Қазына басшыларының саны екі есе қысқарды

0
479

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорында» АҚ басқарушы директорлары мен құрылымдық бөлімшелердің саны екі есеге азайды, деп хабарлайды қордың баспасөз қызметі.

Жаңа құрылымға сәйкес, басқарушы директорлар саны 10-нан 5-ке дейін, департаменттер мен құрылымдық бөлімшелер саны 37-ден 27-ге дейін қысқартылды және басқарма төрағасының орынбасары қызметіне бір штаттық бірлігі енгізілді.

Өзгеріс мақсаты – басқарудың оңтайлылығы мен тиімділігін арттыру. “Самұрық-Қазына” қорының трансформациясы процесіне терең үңілу, активтерді басқаруда сатылы құрылым енгізу және қор құрамына кіретін ұлттық компаниялардың экономикалық тиімділігін арттыру.

Жаңа құрылым биыл 11 қаңтардан бастап қызметіне кіріседі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз