Н.Назарбаев Өзбекстан президентіне көңіл айтты

0
71

Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Президенттің баспасөз қызметі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті биылғы 18 қаңтарда Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының өртенуі салдарынан Өзбекстан азаматтарының қайғылы қазаға ұшырауына байланысты Шавкат Мирзиёевке көңіл айтты.

Мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен перспективасын талқылап, күн тәртібіндегі өңірлік және халықаралық өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.

Соңында тараптар алдағы кездесулер кестесін қарастырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз