Дариға Назарбаева әскери телеарна құруды ұсынды

0
81

Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Дариға Назарбаева бастаған комитет депутаттары ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне барды. Бұл туралы ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.

Сенаторлар графикалық, мәтіндік, мультимедиялық ақпаратпен алмасу арқылы жұмыс картасын жүргізетін әрі әскери құрамалар бөлімдерді басқару жөніндегі шешім қабылдайтын оқытудың жаңа үлгілері мен әдістерін енгізу жүргізіліп жатқан оқу зертханаларын аралады.

Сондай-ақ, депутаттар қару-жарақ пен әскери техника әзірлеу және оны отандық әскери-өнеркәсіп кешенінің қуатымен келешекте жасау мүмкіндіктері ескерілетін университеттің кітапхана қорын және әскери ғылыми-зерттеу орталығын көрді.

Комитет депутаттары білім сапасын арттыруға қатысты бірқатар мәселелерді талқылап, өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, Д.Назарбаева ақылы негізде Ұлттық қорғаныс университетінде шетелдік студенттерді оқыту мүмкіндігін қарастыруды, сондай-ақ әскери қызметті насихаттайтын мамандандырылған әскери телеарна құруды ұсынды.

Әскери ғылымның келешегі зор зерттеулерімен танысып, университеттің ғалымдары және докторанттарымен кездескен Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс пен қауіпсіздік комитетінің төрағасы Д. Назарбаева құрметті қонақтар кітабына қолтаңба қалдырды.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз