Оралу
Оқиға Иманғали Тасмағамбетов Сергей Лавровпен кездесті
Мәскеуде ТМД-ға мүше мемлекеттердің елшілерінің дәстүрлі қабылдауы аясында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовпен кездесті.Бұл туралы РФ-дағы ҚР елшілігі хабарлайды.
«2017 жылы Достастықта Ресейдің төрағалығы барысында атқарылған жұмыстардың қорытындылары шығарылды, сыртқы саясатты үйлестіруді күшейтуге көп көңіл бөлетін өзара әрекеттестікті арттыру бойынша одан әрі қадамдар жасалды», – деп хабарлайды ведомства.
Тараптар ТМД кеңістігінде интеграциялық үдерістерді дамыту туралы, оның ішінде Достастықты басқа өңірлік ұйымдармен байланыстырудың перспективалары туралы пікір алмасты және қазіргі халықаралық мәселелерді талқылады.