Ақтөбедегі автобус өртіне байланысты жүргізушілер қамауға алынды

0
88
ҚР ІІМ ТЖК

Ақтөбе облысында автобус өртеніп 52 адамның қаза табуына байланысты қылмыстық іс қозғалып, тексеріс барысында кінәлі екендігі анықталған автобус жүргізушілері қамауға алынды, деп хабарлайды Ақтөбе облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Тергеу барысында, автобустың жанып кетуіне жүргізушілермен автокөлік құралын пайдалану және автобус салонында дәнекерлейтін (паяльная) лампыны пайдалану салдарынан өрт қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуы себеп болғандығы анықталды.

«24.01.2018ж. Ақтөбе уақыты бойынша сағ.22:40-та Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 345-б.4-б. бойынша қылмыс жасағаны бойынша күдікті ретінде автобустың барлық 3 жүргізушісі де ұсталып, Ақтөбе қ. ІІБ УҰИ орналастырылды. Қылмыстық іс бойынша қадағалау 1-інші Қызметтің процестік прокурорлары тобына, Ақтөбе және Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуратураларына жүктелді», делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру барысы Бас прокуратураның және Қазақстан Республикасы ішкі істер Министрлігінің бақылауында.

Еске сала кетейік, 18 қаңтар таңғы сағат 10:30 шамасында Ақтөбе облысының Ырғыз ауданында «Самара-Шымкент» автожолынан 1068 шақырым, Қалыбай кенті маңында қозғалыс кезінде «Икарус» маркалы жолаушылар автобусы өртке оранып, 52 Өзбекстан Республикасының азаматтары қаза тапқан болатын.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз