2030 жылға қарай Қазақстандағы баламалы қуат көздері 30 пайызға өседі. Бұл туралы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ХІ Астана Экономикалық форумында мәлімдеді.
Қазақстан президенті қазіргі кезде автотұрақтар электрлі карборға ауысатын болса, 200 жыл бұрын жер бетінде болған ауаны қалпына келтіруге болатын еді, деп атап өтті. Жаһанда дәстүрлі энергетикалық нарықтар бойынша бірқатар корпорациялар мен елдер жаңа энергетикаға инвестиция салумен айналысып жатқандығын алға тартқан Н. Назарбаев «Қазақстан аталған үрдістен тысқары қалып жатқан жоқ», – дейді. 2017 жылы Қазақстан астанасында өткен «Болашақтың энергиясы» EXPO халықаралық мамандандырылған көрмесі елдегі жасыл экономиканың дамуының бастамасы болды деген Қазақстан президенті 2030 жылға қарай Қазақстанда баламалы қуат көздерінің үлесі 30 пайызға өсетінін атап өтті.
Мемлекет басшысының сөзінше, екінші жаһандық тренд – энергетикалық революция. «30 жылдың ішінде жаңартылған көздерден пайдаланылған қуат көздері 13 есе өскен», – дейді Н. Назарбаев.