Цифрландыру нәтижесінде халық сауаттылығы 83 пайызға жетеді

0
132

«Цифрлы Қазақстан» жобасының іске асырылуы нәтижесінде Қазақстан халқының сауаттылығы 83 пайызға жетеді. Бұл туралы Қазақстан президенті Н. Назарбаев ХІ Астана Экономикалық форумы барысында мәлімдеді.

Мемлекет басшысының айтуынша, «Цифрлы Қазақстан» жобасы аясында 5 жылдың ішінде өңдеуші сектордағы жаңа технологиялар 1 жарым есе өсіп, еңбек өнімділігі артады.

Сондай-ақ форум барысында адамзат қызметінің цифрлануы алғашқы мегатренд екенін алға тартқан Қазақстан президенті «2030 жылға қарай жасанды интеллекет әлем экономикасын 16 трлнға ұлғайтады. Криптовалюта феноменінің тиімді технологиясы қаржы нарығында түбегейлі өзгерістер әкеледі. Сарапшылардың пікірінше, 500 ірі компаниялардың 200-і таяу 10 жылдықта жойылады», – деп мәлімдеді.

Сафина Саид

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
Мұнда аты-жөніңізді енгізіңіз